HP (Hewlett-Packard) 1510 All in One Printer User Manual


 
HP Deskjet 1510 All-in-One Series
Жұмысқа кіріскенде
1. Принтерді орнату: Орнату үнпарағындағы нұсқауларды орындаңыз.
2. Бағдарламаны орнатыңыз: HP бағдарлама жасақтамасының ықшам дискісін компьютеріңізге
енгізіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ықшам диск іске қосылмайды ма?
Windows
®
: Компьютерге өтіп, HP логотипі бар CD/DVD дискіенгізгі белгішесін екі рет басыңыз,
содан соң setup.exe екі рет басыңыз.
Mас:
Жұмыс үстеліңіздегі CD белгішесін екі рет басыңыз, содан соң HP Installer екі рет басыңыз.
CD/DVD дискіенгізгісі жоқ па?
Бағдарламалық жасақтаманы орнатыңыз: www.hp.com/ePrint/DJ1510.
Қосымша мәліметтер
Электрондық анықтама: Электрондық анықтаманы бағдарламалық жасақтаманы орнату кезінде
ұсынылған бағдарламалық жасақтамадан таңдау арқылы орнатыңыз. Өнім мүмкіндіктері, басып шығару,
ақауды жою және қолдау көрсету туралы қосымша мәлімет алыңыз. Техникалық ақпарат бөлімінен
хабарламаларды, қоршаған орта туралы және нормативтік ақпаратты, сондай-ақ, Еуропалық Одақ
нормативтік хабарламасы мен келісім мәлімдемелерін табыңыз.
Windows
®
8: Пуск (Бастау) экранында, экранның бос жеріне тінтуірдің оң жақ түймешігін басыңыз,
бағдарлама панелінде Все программы (Барлық бағдарламалар) параметрін басып, принтер атауы
бар белгіні басыңыз, содан кейін Справка (Анықтама) түймесін басыңыз.
Windows
®
7, Windows Vista
®
және Windows
®
XP: Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) > HP > HP Deskjet 1510 series > Справка (Анықтама) тармақтарын таңдаңыз.
OS X Mountain Lion, Lion: Анықтама > Анықтама орталығы түймесін басыңыз. Анықтаманы
қарап шығу құралы терезесіндегі Барлық бағдарламаларға арналған анықтама түймесін басып,
HP Deskjet 1510 series түймесін басыңыз.
OS X v10.6: Справка (Анықтама) мәзірінен Справка Mac (Мас анықтамасы) пәрменін таңдаңыз.
Анықтаманы қарап шығу құралы терезесінде HP Deskjet 1510 series Mac анықтамасы қалқымалы
мәзірінен таңдаңыз.
Readme файлы: HP қолдау көрсету ақпаратын, операциялық жүйе талаптарын және соңғы принтер
жаңартуларын қамтиды.
Windows: Компьютердегі бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін енгізіп, ReadMe.chm. файлын
шолыңыз. ReadMe.chm файлын екі рет басып ашыңыз да, тіліңіздегі ReadMe файлын таңдаңыз.
Mас: Бағдарламалық құралы бар ықшам дискіні салып, ықшам дискідегі каталогтардың жоғарғы
деңгейінде орналасқан ReadMe қалтасын ашыңыз. ReadMe.html файлын екі рет басып ашыңыз
да, тіліңіздегі ReadMe файлын таңдаңыз.
Вебте: Қосымша анықтама мен ақпарат: www.hp.com/go/support. Принтер тіркеуі:
www.register.hp.com. Сәйкестік мәлімдемесі: www.hp.eu/certicates. Сияны пайдалану:
www.hp.com/go/inkusage веб-торабына өтіңіз.
Ескертпе: Картридждердегі сия әртүрлі әдістегі басып шығару процесінде қолданылады, олар басып
шығаруға құрал мен картриджді дайындайтын бастапқы күйді және принтер қондырмасының таза
болуын және сияның тегіс ағуын қамтамасыз ететін басып шығару механизмінің қызметін қамтиды.
Қосымша, қалдық сия қолданылғаннан кейін картриджде қалып қояды.
Принтер туралы мәліметтер алу үшін сканерлеңіз.
www.hp.com/eu/m/DJ1510a
Деректерді беру үшін стандартты тарифтер қолданылуы мүмкін Барлық тілдерде болмауы мүмкін.
Қазақша