Philips 22PFL3404/12 Computer Drive User Manual


 
28
Теледидар арналарына
қатысты мәселелер
Орнатылып қойған арналар арналар
тізімінен көрінбейді:
Дұрыс арналар тізімінің таңдалған-
таңдалмағанын тексеріңіз.
Сурет ақаулары
Теледидар қосулы, бірақ сурет көрінбейді:
Антеннаның теледидарға дұрыс
қосылған-қосылмағанын тексеріңіз.
Теледидар ресурсы ретінде дұрыс
құрылғының таңдалған-таңдалмағанын
тексеріңіз.
Дыбыс бар, бірақ сурет жоқ:
Сурет параметрлерінің дұрыс
орнатылған-орнатылмағанын
тексеріңіз.
Антенна қосылымынан теледидар сигналы
нашар қабылданады:
Антеннаның теледидарға дұрыс
қосылған-қосылмағанын тексеріңіз.
Дауысзорайтқыштар,
жерге
қосылмаған аудио құрылғылар, неонды
шамдар, биік ғимараттар және
басқа нысандар қабылдау сапасына
әсер етуі мүмкін. Мүмкіндігінше
антенна бағытын өзгерту немесе
құрылғыларды теледидардан жылжыту
арқылы қабылдау сапасын жақсартуға
тырысыңыз.
Егер бір ғана арна нашар қабылданып
тұрса, сол арнаны нақты баптаңыз.
Жалғаулы құрылғылардың сурет сапасы
нашар:
Құрылғылардың дұрыс
жалғанған-
жалғанбағанын тексеріңіз.
Сурет параметрлерінің дұрыс
орнатылған-орнатылмағанын
тексеріңіз.
Теледидар сурет параметрлерін сақтамады:
Теледидар орнының үй параметріне
қойылған-қойылмағанын тексеріңіз. Бұл
режим параметрлерді өзгерту және
сақтау икемділігін ұсынады.
9 Ақаулықтарды
жою
Бұл бөлімде негізгі кездесетін ақаулар мен
оларды шешу жолдары суреттеледі.
Теледидардың негізгі
ақаулары
TV қосылмайды:
Электр шнурын ток көзінен
ажыратыңыз. Бір минут күтіп, оны қайта
жалғаңыз.
Электр шнурының дұрыс қосылған-
қосылмағанын тексеріңіз.
Қашықтықтан басқару пульті дұрыс істемейді:
Қашықтықтан басқару пультіндегі
батареялардың +/- бағыттары сақталып,
дұрыс салынғанын тексеріңіз.
Қашықтықтан басқару пультіндегі
батареялар ескірсе немесе ағып кетсе,
оларды ауыстырыңыз.
Қашықтықтан басқару пульті мен TV
сеноср линзаларын тазалаңыз.
TV күту режимінің шамы қызыл болып
жыпылықтайды:
Электр шнурын ток көзінен ажыратыңыз.
Электр шнурын қайта қосудың алдында
TV құрылғысының салқындауын күтіңіз.
Егер қайта жыпылықтаса, Philips
Тұтынушыларға Техникалық Қызмет
Көрсету Орталығына хабарласыңыз.
Сіз теледидар құлпын ашатын кодты ұмытып
қалдыңыз
‘8888’ енгізіңіз.
TV мәзірі
басқа тілде тұр
TV мәзірін ұйғарған тілге өзгертіңіз.
TV қосылғанда/өшірілгенде/күту режиміне
шыққанда, сіз TV корпусынан сықырлаған
дыбысты естисіз:
Ешқандай әрекет қажет етілмейді.
TV салқындағанда және жылығанда,
сықырлаған дыбыс оның көлемінің
үлкеюін және кішіреюін білдіреді. Бұл
оның жұмысына әсер етпейді.
KK